USD
USD
USD

Тоқаев Баталовтың жұмысын тексеретін болды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Алматы облысының әкімі А.Баталовтың жұмысын тексеретінін айтты.

Тоқаев Баталовтың жұмысын тексеретін болды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Сұрағым – газ тартуға байланысты. Мендегі дерек бойынша, 470 ауылдың тек 30 пайызы ғана газбен қамтылыпты. Неге бұлай?» деді Тоқаев Баталовқа қарата.

Алматы облысының әкімі «мен жұмысты бастағанда бұл көрсеткіш 9-11% еді» деп ақталғандай болды.

«Үкіметтің көмегімен Алматыдан Талдықорғанға дейін 254 шақырым газ құбырын тарттық. Одан соң өз қаржымызға Текеліге дейін жеткіздік. Енді Талдықорғаннан Үшаралға дейін тартсақ, жолай екі ауданды қамтимыз. Биыл 1,4 миллион адамға газ жеткіземіз. Бұл – облыс тұрғындарының 56 пайызы» деді облыс әкімі.

«Жылдың екінші жартысында облысқа жұмыс сапарымен барамын. Сол кезде көреміз» деді Мемлекет басшысы.   

Қазір оқып жатыр

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан