USD
USD
USD

Тоқаев БАҚ қызметкерлеріне сыйлықтар мен гранттар берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлеріне сыйлықтар мен гранттар берді. Бұйрық Ақорда сайтында жарияланды.

Тоқаев БАҚ қызметкерлеріне сыйлықтар мен гранттар берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

Абибуллаев Дулат Орынбасарұлына – "Qazaq radiosy" радиостанциясының бас редакторына, ұлттық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін;

Көпжасарұлы Ерқанатқа – "31 арна" телерадиокомпаниясының тілшісіне, отандық тележурналистиканы дамытуға үлес қосқаны үшін;

Мягких Оксана Вячеславовнаға – "Индустриальная Караганда" газетінің бас редакторына, Қазақстанның өңірлік саясатын ақпараттық тұрғыдан тиімді сүйемелдеуге үлес қосқаны үшін;

Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлына – "Qazaqstan" ұлттық телеарнасының директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына үлес қосқаны үшін берілсін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

Байтарова Сәния Бақытқызына – "Жетісу" телеарнасының редакторына, өңірлік журналистиканы дамытуға үлес қосқаны үшін;

Байтибаев Диаскен Үсенғалиұлына – "Almaty" телерадиокомпаниясының арнайы техника операторына, еліміздің телевизиясын дамытуға үлес қосқаны үшін;

Бірімжанов Әнуарбек Жәлелұлына – "Хабар 24" телеарнасының жүргізушісіне, Мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;

Жолмұхаметова Жадыра Ерболқызына – "Baigenews.kz" ақпарат агенттігінің тілшісіне, интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін дамытуға үлес қосқаны үшін тапсырылсын;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

"Adyrna" ұлттық порталының шығармашылық ұжымына – Қазақстанның дамуының өзекті мәселелерін қамтыған ақпараттық-талдамалық қызметі үшін;

"Ashyq alań" қоғамдық-саяси ток-шоуының шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін;

"Astana" радиосының шығармашылық ұжымына – отандық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін;

"Вечерняя Астана" қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына – баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға үлес қосқаны үшін жариялансын", - делінген құжатта.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси