USD
USD
USD

Тоқаев Байденге құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Байденге құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденді және Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Қазақстан мен Американың қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетика, инвестиция тарту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің және екі ел халықтары арасындағы қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы өз жеделхатында Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен өзара байланысын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық саладағы ынтымақтастықтың одан әрі табысты дами беретініне сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон