USD
USD
USD

Тоқаев Ауғанстан президентімен не туралы сөйлесті?

Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының аясындаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесті.

Тоқаев Ауғанстан президентімен не туралы сөйлесті?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны нығайтудың перспективаларын талқылады, хабарлайды akorda.kz.

Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.

Мемлекет басшысы Ауғанстанды еліміздің сенімді серіктесі әрі тату көршісі ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғаниға жақын арада Қазақстан Республикасының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымы бекітілетінін айтты, делінген хабарламада. Ауғанстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалап, Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін айқан.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев 15 ақпан күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесуспен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен, «Siemens AG» компаниясының атқарушы директоры Джо Кэзермен және «Eurasia Group» компаниясының президенті Ян Бреммермен кездескен.   

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай