USD
USD
USD

Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің Қазақстанда бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне тоқталды», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Қазақстан митрополиттік аймағының этносаралық және конфессияаралық диалогты дамыту, адамгершілік құндылықтарды ілгерілету жолында ауқымды жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

«Қыркүйек айында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді. Оның басты тақырыбы – адамзаттың пандемиядан кейінгі кезеңдегі рухани және әлеуметтік дамуында діни көшбасшылардың атқаратын рөлі»- деп хабарлады мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Патриарх Кириллдің аталған форумға қатысуы жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогқа тың серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде митрополит Александр Мемлекет басшысына кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жаңғыруға бағытталған жасампаз реформаларды қолдайтынын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт