Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруға қаулы етті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулы етті, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруға қаулы етті
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын.
2. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.