USD
USD
USD

Тоқаев Антикор басшысының ауысуына қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының ауысуына қатысты пікір білдірді.

Тоқаев Антикор басшысының ауысуына қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Менің Жарлығыммен Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды. Оның басшылығымен агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін көп жұмыс атқарды. Бұл құрылымның қызметі айтарлықтай жаңартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар жоба мен бастама іске қосылды. Олардың ішінде ADALDYQ ALANY, ANTIKOR ORTALYGY, ADAL BILIM және басқалары бар. Алик Жатқамбайұлына осы лауазымдағы табысты жұмысы үшін алғыс айтамын.

Бүгін менің Жарлығыммен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Марат Мұратұлы Ахметжанов тағайындалды. Оның мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар, Әділет министрлігі мен Бас прокуратурада басшылық қызметтерді атқарған. Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары. Сондықтан мен оны осы қызметке тағайындауға шешім қабылдадым", - деді Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінде.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

.

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Ерболат Досаев

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

.

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

КҚК