USD
USD
USD

Тоқаев «Алтын орда» базары туралы: «Пайдакүнемдер үшін нағыз «майшелпекке» айналды»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында орналасқан «Алтын орда» базарына тәртіпке келтіру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Тоқаев «Алтын орда» базары туралы: «Пайдакүнемдер үшін нағыз «майшелпекке» айналды»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сауда-саттықта делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Мысалы, 3 миллион адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекен тұрғындары тұтыну тауарларын көбіне «Алтын орда» базарынан алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз «майшелпекке» айналған», – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент басқа аймақтардағы базарларды да делдалдардан тазарту қажеттігін жеткізді. «Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары атсалыссын. Екі ай уақыт беремін», – деп атап көрсетті Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі