USD
USD
USD

Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті

Кездесуге «Green TAL» әлеуметтік шеберханасының басшысы, «Best for kids» қоғамдық қорының вице-президенті Эмин Әскеров, «Дастархан» ЖШС директоры Елена Мащинская, «Қамқор отау» әлеуметтік жобасының директоры, «Тренинг-Кафе» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Бақытжан Құдияров қатысты.

Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпкерлер Президентке еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерліктің ахуалы мен  оны әрі қарай дамыту болашағы жайында айтты. Сонымен қатар олар аталған саладағы өзекті проблемалар жөніндегі ойларымен бөлісіп, оның ішінде қажетті ғимараттар мен өз өнімдерін өткізу орындарының тапшылығы туралы жеткізді.

Жиынға қатысушылар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды жоғары бағалап, Қазақстан Президентіне биыл күзде әлеуметтік кәсіпкерлердің бірінші республикалық форумын өткізу жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асырып жатқаны үшін ризашылық білдіріп, олардың форум өткізу жайындағы идеясын қолдады. Президенттің айтуынша, мемлекет бүкіл республика аумағындағы әлеуметтік бизнеске жан-жақты қолдау көрсете береді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж