Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәдениет және спорт министрі бұқаралық спортты дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын атап өтіп, мәдениет қызметкерлерінің еңбек ақысын көбейту мақсатында қолға алынған бастамалар туралы айтты. Қазірдің өзінде мәдениет қызметкерлерінің жалақысы жергілікті жерлерде 35%, ал республикалық деңгейде 50% артқан. Бұдан бөлек, министрліктің пандемия кезінде өткізген онлайн шаралары жөнінде де мәлімет берді.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова Президентке қазақстандық спортшылардың алдағы Олимпиада ойындарына дайындығы, жаңадан ашылғалы жатқан Туризм және меймандостық университетінің жұмысы жайында айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда айтылған басым бағыттарды тиісті деңгейде жүзеге асыруға, ел арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, оны одан әрі дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ латын әліпбиін енгізу мәселесінде асығыстық жасамай, жұмысты ғалымдармен жан-жақты сараптай отырып жүргізу керек екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.