USD
USD
USD

Тоқаев Ақтөбе облысының әкімін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Ақтөбе облысының әкімін қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндалды.

Оңдасын Оразалин аймақты дамыту жоспарымен таныстырды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының батыс өңірді толықтай азық-түлікпен қамтамсыз ету мүмкіндігін пайдалана отырып, мал азығын дайындауды арттыру, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өндіріске жаңа технологияларды енгізу көзделген.

Облыс әкімі өңірдің көлік-логистикалық әлеуетінің жоғары екенін атап өтіп, аймаққа инвестиция тарту жоспарымен бөлісті. Қасым-Жомарт Тоқаев Оңдасын Оразалинге Ақтөбе облысында экономикалық өсімді қамтамасыз етуді, халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерді ұдайы назарда ұстап, оны ретімен шешуді, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

ҚМГ: АИ-95 пен АИ-98 өндірісінде ақау анықталған жоқ

бензин экспорты

Индустриялық аймақтар Alatau City-дің бірыңғай экономикалық жүйесіне біріктіріледі

Дөңгелек үстел қатысушылары

130 мың тонна астық қазақстандық өнім ретінде экспортталған: мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келді

Астық

Шикізат жеткізумен ғана шектелмейді: Тоқаев Германияға жаңа серіктестік ұсынды

Халық Кеңесі