Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев АҚШ елшісіне алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозерді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев АҚШ елшісіне алғыс айтты
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтуге қосқан үлесі үшін америкалық дипломатқа алғыс айтты.

«АҚШ-тың елшісі ретінде атқарған қажырлы еңбегіңізге ризашылығымды білдіремін. Құрама Штаттар – Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш боп мойындаған елдердің бірі. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз», – деді Президент.

Мемлекет басшысы достас екі ел халықтарының игілігі жолында Қазақстанның АҚШ-пен арадағы конструктивті ынтымақтастығын кеңейтуге бейілді екенін нақтылады.

Уильям Мозер Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Сонымен қатар америкалық дипломат Вашингтонның Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ниетті екенін жеткізді.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастыққа және аймақтық күн тәртібіне, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Мозерге алғыс хат пен арнаулы төсбелгі табыс етіп, алдағы дипломатиялық қызметіне жетістік тіледі.

 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық