USD
USD
USD

Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпараттандыру стратегиясын іске асыру және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды.

Сонымен қатар министр азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне тоқталып, аталған бағыт бойынша алға қойылған міндеттерді орындаудың нақты жоспарлары туралы мәлімет берді.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алынған жұмыстарды жалғастыра беруді атап өтіп, министрлікке бірқатар міндет пен тапсырма жүктеді.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт