USD
USD
USD

Тоқаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады.

 Тоқаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Марат Ахметжанов Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады. Өңір экономикасының бірқатар саласында оң нәтижелер бар екені туралы мәлімет берді. Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 530 миллиард теңгеге жеткен. Оның ішінде жеке инвестиция 435 миллиард теңгеден асқан.

154 жоба іске асырылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылды. Облыс әкімі шаруаларды қолдау және қайта өңделген өнім үлесін арттыру шаралары тұрақты түрде қабылданып жатқанын айтты. Жыл басынан бері өсімдік майы, өңделген ет, сүт, май, ірімшік және сүзбе сияқты азық-түлік түрлерін өндіру көрсеткіші өскен. Макинск құс фабрикасының 3-кезеңі іске қосылғанын және «Ақ-Дала Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуаты кезең-кезеңімен артып келетінін хабарлады. Бұл облыстың құс етін өндіру бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің біріне айналуына мүмкіндік береді.

Жылыту маусымының барысы туралы баяндамасында  барлық коммуналдық қызметтің жұмысы қатаң бақылауға алынғанын атап өтті. Көкшетау және Степногорск қалаларындағы нысандар кезең-кезеңімен жаңғыртылған.

Көкшетау қаласын дамытуға қатысты бас жоспардың жобасы әзірленгені туралы ақпарат берді. Бұл жоба қаланың экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуді көздейді. Халықтың тұрмысын жақсартуға және іргелес миграцияны төмендетуге ықпал ететін Агломерацияны дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспардың жобасын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын іске асыру, инвестиция тарту, сондай-ақ Ақмола облысының қалаларын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент