USD
USD
USD

Мемлекет басшысы: «Әкімдер жаяу жүруі керек»

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы: «Әкімдер жаяу жүруі керек»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз қалаларымыздың барлығын көркейтуге барынша мән беруіміз керек. Мойындау керек, біздің қалаларымыздың жағдайы жақсы емес. Ойын алаңдары жабдықталмаған, үйлердің тозығы жеткен. Шетелде, әсіресе Шығыс Еуропада, Балқанда қалаларының бюджеті біршама аз болғанына қарамастан тартымды көрінетін шаһарлары бар. Бұл жұмыс муницииалды биліктің жұмысы да шығар. Дегенмен, екінші жағынан бұл сол жерде тұратын адамдардың да қарым-қатынасы. Ол бізде жоқ. Қалалықтар өздерінің үйлеріне, көшелеріне және басқаларына қалай болса солай, бей-берекет қарайтындығы сынды проблемалармен бетпе-бет келіп отырамыз. Мұндай жайт елордада да орын алып отыр. Мен елорданың жоғары мәртебесіне қалалық орталығы ғана емес шеткі аймақтары да сай болуы тиістігін бірнеше рет айттым.

Таяуда Семейдегі балалар алаңы туралы сюджет көрсетті. Оны пайдаланудың өзі қауіпті. Әкімдер өздерінің қалаларында, елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс. Бұл елордаға да қатысты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе