Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін шешуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін арнайы жасақ құрамын қалпына келтіруді тапсырды.

Тоқаев әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін шешуді тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық маңызды әлеуметтік проблема. Жыл сайын елімізде әйелдерге қарсы 2,5 мыңнан аса қылмыс тіркеледі. Оның ішінде өліммен аяқталғаны бар. Зорлық-зомбылық салдары әйелдердің қоғамға араласуына және отбасы институтына теріс әсер етеді. Бұл өзекті мәселені мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп қана шешуге болады", - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында.

Ол бұл іс бойынша маңызды рөл ІІМ-нің әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі 1999 жылы құрылған арнайы бөлімшелеріне жүктелгенін айтты.

"Олар полицияның азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесуінде тиімді буын болуы керек. Алайда оларда штат саны қысқарды, оның ішінде отбасылық зорлық-зомбылық дерегі жиі тіркелетін аймақтарда да. Бұл мәселені әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова Ұлттық кеңес алаңында көтерді. Ішкі істер министрлігіне әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін арнайы жасақ құрамын қалпына келтіруді тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Тоқаев құқық қорғаушы Айгүл Орынбектің бастамасы туралы да айтты. Ол әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша әйел тергеушілерді мамандандыруды ұсынған.

"Бұл жәбірленушілерге біржақты көзқарасты болдырмауға мүмкіндік береді. Рахым Ошақбаевпен ("Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры. - ескерту.) өзге заңгерлер мен қоғам қайраткерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны заң жүзінде қатаңдату туралы өтініш-хатын берді. Бұл бастама кеңінен талқылануы керек. Біз тиісті шараларды заңнамалық түрде қабылдауымыз мүмкін", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел