USD
USD
USD

Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады

Кездесу барысында конституциялық реформаға сәйкес, Конституциялық Сот пен Жоғарғы Сотқа жүгіну арқылы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жаңа өкілеттіктері, сондай-ақ Бас прокуратурамен өзара іс-әрекет мәселесі талқыланды. 

Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент қылмыстық іс бойынша сот төрелігі мен жазаны өтеу барысында азаматтарға берілетін конституциялық кепілдікті күшейту үшін сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының нақты шаралар қабылдауы маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Омбудсмен институтын одан әрі дамытуға және оның әлеуетін нығайтуға бағытталған басым міндеттерді атап өтіп, адам және азамат құқықтарының бұзылмауына берілетін конституциялық кепілдікті одан әрі күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин