Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Президентке Қарағанды облысының биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берілді. Сондай-ақ аймақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салалары қарқынды дамып келе жатқаны туралы баяндалды.

Тоқаев  Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3,1 триллион теңгені (1,5 пайызға артқан) құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көрсеткіші 6,3 пайызға артты. Облыс экономикасына 522,2 миллиард теңге инвестиция тартылды (8,5 пайызға көбейген), оның басым бөлігі (92 %) жеке инвестицияға тиесілі. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 414,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға көп.

Мемлекет басшысына Қарағанды облысының автомобиль жолдарын дамыту, халықты сумен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртау» компаниясындағы жағдай туралы да баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір экономикасын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел