USD
USD
USD

Тоқаев 9 мамырда Ресейдегі әскери шеруге бара ма?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Президент 9 мамырда қайда баратынын айтты​.

Тоқаев 9 мамырда Ресейдегі әскери шеруге бара ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "БАҚ өкілдері Президенттің Жеңіс күні мейрамына орай өткізілетін іс-шараларға қатысуына байланысты сауалдарын жолдап жатыр. Биыл 9 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Отан қорғаушылар" монументіндегі Мәңгілік алауға дәстүрлі гүл қою рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Президент 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиынға қатысады", - деді ол.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл барлық өңірде соғыс ардагерлеріне кем дегенде 1 миллион теңгеден біржолғы жәрдемақы беріліп жатыр. Тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға да материалдық қолдау көрсетіледі. 8-9 мамырда облыс әкімдері деңгейінде соғыс ардагерлерімен және олардың отбасы мүшелерімен арнайы кездесулер ұйымдастырылады. Бүкіл еліміз бойынша "Ардагерлерге тағзым" қайырымдылық акциясы өтеді. Соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан қажет көмек алдағы уақытта да жүйелі түрде беріледі", - деді Руслан Желдібай.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян