USD
USD
USD

Тоқаев жойқын жер сілкінісіне байланысты Венесуэла халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Наурыз мейрамы
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Делси Родригеске Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты көңіл айтты.

«Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасына аман-есен оралуын тілеймін», – делінген жеделхатта.

Еске салсақ, 24 маусым күні кешке Венесуэла астанасының батысында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер сілкінісі болды. Елде төтенше жағдай жарияланды. Адам шығыны мен материалдық залал ауқымды болуы мүмкін. Геологиялық қызмет қаза тапқандар саны 10 мыңнан 100 мың адамға дейін жетуі мүмкін деп болжам жасады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев–Трамп диалогы: Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктер ашылады?

Айсұлу Рахмет

ҰҚК соңғы төрт жылда 10 террорлық әрекетті тоқтатқан

террорлық әрекет

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana