USD
USD
USD

Тоқаев: Жасанды интеллект жұмыс орындарын қысқартуы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект технологиялары жаһандық экономикаға ықпал ететін маңызды факторға айналғанын айтты.

.
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының сөзінше, халықаралық сарапшылар алдағы он жылда жасанды интеллектіні қолдану әлемдік ішкі жалпы өнімнің өсімін 7 триллион долларға дейін жеткізуі мүмкін деп болжайды.

Алайда бұл еңбек нарығына да үлкен өзгеріс әкеледі. Тоқаевтың айтуынша, Халықаралық валюта қорының бағалауынша, алдағы жылдары жасанды интеллект технологиялары енгізілген сайын әлемдегі жұмыс орындары 40 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.

«Демек, шартараптағы жүздеген миллион адам жаппай білімін жетілдіріп, жаңа дағдыларды меңгеруге тиіс», – деді Президент V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде.

Тоқаев елдер ұлттық білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеуге мәжбүр болатынын айтты. Оның сөзінше, басты мәселе – цифрлық технологияларды экономикалық және қоғамдық дамуды жеделдететін тиімді құралға айналдыра алу.

Президент Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық еткен жылы жасанды интеллект технологияларын Одақ аясындағы «төрт еркіндікті» қамтамасыз ету үшін қолдануды ұсынғанын атап өтті. Бұл ЕАЭО елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай