USD
USD
USD

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Ит
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

8 сәуірде Мәжіліс «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады. Депутат Еділ Жаңбыршин Мемлекет басшысының жануарларға қатыгездік көрсеткендерге қатысты жауапкершілікті күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында жазалау шаралары қатаңдатылғанын мәлімдеді. Осы бағытта Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстерге өзгерістер енгізу ұсынылған.

Біріншіден, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің жануарларды күтіп ұстау жауапкершілігін күшейтуге қатысты екі бабына арнайы өзгерістер енгізіліп, салынатын айыппұлдар бірнеше есе өсірілген.

Бұған қоса, жануарларға зақым келтірген жағдайда, Қылмыстық кодекстің 316-бабының (Жануарларға қатыгездікпен қарау) бірінші бөлімінде көзделген екі айға қамап ұстау мерзімін алты айға дейін ұзарту ұсынылған. Осы баптың екінші бөлімінде жануарларды қатыгездікпен өлтіретін болса, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын бес жылға дейін ұзарту қарастырылған.

Бұдан бөлек, жаңа нормаларда бұралқы иттердің санын реттеу үшін оларды ұйықтатып өлтіру рәсімін енгізу және ұсталған жануарларды табиғи ортасына қайта жіберуге тыйым салу қарастырылған. 

Жуырда заңгерлер, ғалымдар мен журналистерден және қоғам белсенділерінен тұратын 115 мың қазақстандық Қасым-Жомарт Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрап, хат жолдады.

Хат авторларының пікірінше, заң қазіргі қалпында құқықтық, әлеуметтік, санитарлық-эпидемиологиялық және сыбайлас жемқорлық қаупін тудырады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев

Қоқыстан табылған нәресте өлімі бойынша экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сталкинг