Тоқаев жаңа Жолдауын әзірлеп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні түске дейін Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялауды жоспарлап отыр.
Астана, NEGE. Бұл туралы Мемлекет басшысы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын», – делінген жазбада.
Президент әзірге Жолдауда қандай мәселелер көтерілетінін нақтылаған жоқ.