USD
USD
USD

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасап, ядролық державаларды келіссөзге келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толғанын атап өтті. Оның айтуынша, ондаған жыл бойы жүргізілген сынақтар халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зиян келтірді.

«Халықаралық антиядролық қозғалыс көшбасшыларының бірі ретінде еліміздің ұстанымы өзгермейді: біз ядролық державалар арасында кикілжің емес, келіссөздер болуын қолдаймыз», – деді президент.

Тоқаев сондай-ақ Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың күшіне енуін жеделдетуге және ядролық қаруды қолдану қаупін азайту үшін мемлекеттерді бірлесіп әрекет етуге шақырды.

Президент Қазақстанның әлемдегі қуаты жағынан төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқанын еске салды. Оның сөзінше, бұл елдің бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы тарихи таңдауы болды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы атом энергиясы тек бейбіт мақсатта пайдаланылуға тиіс екенін айтты.

«Біз атом энергиясын жасампаз мақсатта ғана пайдаланған жөн деп санаймыз», – деді Тоқаев.

Президент жалпыұлттық референдумда қазақстандықтар ядролық энергетиканы дамыту бағытын қолдағанын айтып, бұл шешім елдің ұзақмерзімді экономикалық және ғылыми-технологиялық дамуына негіз болатынын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу