Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттік берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірқатар функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Фото: ҰҚК

Алматы, NEGE. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын», - делінген Жарлықта.

Президент Үкіметке Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) қажетті заңнамалық түзетулер әзірлеуді;

2) Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жарлықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бақылайды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық