USD
USD
USD

Тоқаев Ұлттық банк, ҰҚК және Жоғарғы сот кеңесінің төрағаларын қайта тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Жоғарғы сот кеңесі басшыларын қайта тағайындады. 

Сүлейменов, Сағымбаев, Малахов
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Президент жарлығымен Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалды. Ол бұл қызметті 2023 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ермек Сағымбаев та Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымында қалды. Сағымбаев бұл қызметке 2022 жылғы қаңтарда тағайындалған еді.

Мемлекет басшысы Дмитрий Малаховты Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы етіп қайта тағайындады. Ол бұл лауазымды 2024 жылғы қыркүйектен атқарып келеді.

Айта кетейік, Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты да өз лауазымында қалдырды.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева