USD
USD
USD

Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің былтыр және биылғы қаңтар-ақпан айларында жүргізген ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын таныстырды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы, инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берді. 

Жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлар сақталып отырғанын жеткізді. БЖЗҚ активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйі, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндады. Мемлекет басшысының бұған дейін экономиканың нақты секторын қаржыландыру ісін кеңейту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы, сондай-ақ Ұлттық төлем жүйесін дамытуға, ашық банкинг қағидаттарын енгізуге бағытталған жобалардың іске асырылуы туралы айтты.

Клиенттердің қаражатын алаяқтардан қорғау мақсатында антифрод-орталық құру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және бюджет шығыстарының ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық теңгенің әлеуетін пайдалану жайында мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді. 

Қазір оқып жатыр

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур