USD
USD
USD

Тоқаев Ұлытау облыс әкімі лауазымына Дастан Рыспеков пен Ұлантай Үсеновтің кандидатураларын ұсынған

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты.

Дастан Рыспеков
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың қарауына облыс әкімі лауазымына Дастан Рыспеков пен Ұлантай Үсеновтің кандидатураларын ұсынды. Ашық дауыс беру нәтижелеріне сәйкес 64 депутаттың 49-ы Дастан Рыспековтің кандидатурасын қолдады, 15 депутат өз дауыстарын Ұлантай Үсеновке берді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Дастан Адайұлы Рыспековті Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Премьер-Министр облыс активімен кездесуде Берік Әбдіғалиұлына өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа әкімді таныстырды. Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Ұлытау облысы басшылығының алдында экономиканы әртараптандыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ экология мәселелерін шешу, көлік және туристік әлеуетті барынша дамыту бойынша маңызды міндеттер қойғанын атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар