USD
USD
USD

Тоқаев Трамптың Украина бойынша бейбітшілік жоспарын қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған жоспарына қолдау білдірді.

қолдау
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Бұл туралы президент Армения премьер-министрімен келіссөздер қорытындысына арналған брифингте айтты.

Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігерін және ұсынып жатқан жоспарын қолдаймын. Сондай-ақ Қазақстан Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік жолындағы ортақ ұмтылысын толық қолдайды, – деді Тоқаев.

19 қарашада Трамп Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілікті орнатуға арналған 28 тармақтан тұратын жоспарды мақұлдады.  Бұл жоспарды соңғы бірнеше апта бойы Ақ үй қызметкерлері жасырын түрде әзірлеген, Ресей елшісі Кирилл Дмитриев пен Украинаның ресми тұлғаларымен кеңескен.

«Жоспар екі тарапқа да тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік кепілдіктерін ұсынуға бағытталған», – деп хабарлады NBC телеарнасы.

Қазір оқып жатыр

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.

FIFA әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның көгалын бөлшектеп сатуға кірісті

.

Астанадан Дубайға ұшқан рейс кері қайтарылды

Air Astana