USD
USD
USD

Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады.

 Дональд Трамп
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы АҚШ президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар еліміздің Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.

Дональд Трамп – АҚШ-тың 45 және 47-президенті. Ол 1946 жылы 14 маусымда Нью-Йорк қаласындағы Куинс ауданында дүниеге келген.

2025 жылғы 14 маусымда 79 жасқа толды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған