Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев, Әрінов
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Шыңғыс Әрінов Президентке азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғырту барысы, халықты жаппай шұғыл хабардар ету жүйесі және құтқарушыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы баяндады.

Министрдің мәлімдеуінше, соңғы екі жылда бөлімшелер 1,4 мыңнан астам техника, авиация, заманауи құтқару жабдықтары, ұшқышсыз ұшу аппараттары және байланыс құралдарымен толықтырылған.

Бұл еліміздің барлық өңірінің төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін айтарлықтай арттырды. Сонымен қатар министрлікке қарасты бөлімшелерді жаңғырту жұмыстары қолға алынды.

Сондай-ақ министр жаңа әмбебап құтқару құрылымдары, авиация және теңіз жасақтары құрылғанын атап өтті. Әрінов келтірген дерекке сәйкес, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салынған. Олар шамамен 700-ге жуық елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек Шыңғыс Әрінов халықты жаппай шұғыл хабардар ету жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып, Ахуалдық орталықтың мүмкіндіктері кеңейтіліп жатқанын айтты.

Кездесуде төтенше жағдайлар қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Құтқарушыларға тұрғын үй төлемдері қарастырылған, сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үшін арнайы тұрғын үй кластерін құру жобасы қолға алынды. Жоба аясында өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару базаларының жанында қажетті инфрақұрылымы бар тұрғын үй кешендерін салу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша атқарып жатқан жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар Әріновке аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту іс-шараларын жалғастыруды, заманауи технологиялар енгізуді және өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс

Канье концертіне бара алмағандар билет құнын қайтара ала ма: Министрлік не дейді

концерт билеті