USD
USD
USD

Тоқаев АҚШ пен Иранның бітімгершілік келісімін құптайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. Екі елдің келісімге келуіне Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунир араағайындық жасаған.

«Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.

 

Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 8 сәуірде АҚШ пен Иран екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Джеки Чан Қазақстанда жаңа фильмінің түсірілімін бастады

Джеки Чан, Аида Балаева

Арыс әкімі ұлының қатысуымен болған жантүршігерлік жол апатына қатысты пікір білдірді

Қайсар Маңқараев

Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығанын айырылды

Данияр Елеусінов

Бурабайдағы демалыс базасында өрт шықты

Бурабайдағы қонақ үйдегі өрт