USD
USD
USD

Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобын жасақтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы» туралы өкімге қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Топқа вице-президент Ерлан Қарин жетекшілік етеді. Оның орынбасарлары болып қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева мен Президенттің кеңесшісі Әсет Ерғалиев тағайындалды. Ал топтың хатшысы қызметін Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов атқарады.

Сарапшылар тобының құрамына депутаттар, бизнес өкілдері, қоғам қайраткерлері мен зерттеушілер енген. Олардың қатарында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы, «АгромашХолдинг KZ» президенті Динара Шүкіжанова және Higgsfield AI компаниясының негізін қалаушылардың бірі Ерзат Дулат бар.

Жаңа консультативтік орган елдің ұзақ мерзімді дамуына қатысты ұсыныстар әзірлеумен айналысады.

Сарапшылар тобы айына кемінде бір рет бас қосады.

Қазір оқып жатыр

«Әлі көзін ашқан жоқ»: Жамбыл облысында оқушы бала «сходқа» кешіккені үшін соққыға жығылып, ес-түссіз жатыр

Асылбек

Қазақстанда пәтерде «өндіріс» ашып, мемлекеттік тапсырыс алғандар болған

Ерсайын Нағаспаев

Алматыдағы түсірілім кезінде ондаған адам уланған телехикая Netflix-те көрсетіле бастады

Пойыз

Ақтауда той үстінде жаппай төбелес шығып, алты адам ұсталды

Полиция көлігі