USD
USD
USD

Тоқаев Словак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Зузана Чапутованы Словак Республикасының құрылған күнімен құттықтады. 

Тоқаев
Фото: Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. – Егемендік пен бірлік құндылықтарын ту еткен еліңіз бүгінде өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, сондай-ақ халықаралық аренадағы беделін арттыруда биік белестерді бағындырып келеді. Осы тұста Отаныңыз баянды өркендеуін жалғастырып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігімді білдіремін. Қазақстан мен Словакия арасында қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтемін. Екіжақты ықпалдастығымыз келешекте де зор жетістіктерге толы болатынына кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Зузана Чапутованың аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал Словак халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026