Тоқаев Сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаевтың өмір бойғы құқығын алып тастады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасынан Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына сыртқы саясат мәселелері бойынша бастамалар жасау жөніндегі өмір бойғы құқығын алып тастады.
Астана, NEGE. Тоқаев Тұжырымдамаға түзету енгізу туралы жарлыққа 2026 жылғы 14 тамызда қол қойды.
Жарлықта «7-тараудың 1-тармағы алып тасталсын» деп жазылған. Дәл осы тармақта Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарыда аталған құқығы бекітілген болатын.
Бұрынғы құжатта «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасау құқығы тиесілі» деп жазылған еді.
Сонымен қатар тұжырымдамадан бірінші президент туралы «Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуының жаңа кезеңіндегі сыртқы саяси ұстанымының сабақтастығы» деген норма да алынып тасталды. Жаңа нұсқада «ел дамуының жаңа кезеңіндегі сыртқы саяси бағыттың сабақтастығы» деп жазылған.
Бұл ретте Назарбаев бұл құқығынан формалды түрде бұған дейін-ақ айырылған: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заң 2023 жылғы ақпанда күшін жойды. Қазіргі түзетулермен Сыртқы саясат тұжырымдамасы қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.