USD
USD
USD

Тоқаев ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құруды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитінде су қауіпсіздігі әлемнің күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі екенін айтты.

су қауіпсіздігі
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президенттің айтуынша, азық-түлік, энергетика және әлеуметтік салалардағы тұрақтылық, сондай-ақ экономикалық даму тікелей суға тәуелді. Бүгінде су проблематикасымен БҰҰ-ның ондаған құрылымы айналысып жатқанымен, біртұтас үкіметаралық әмбебап ұйым құрылмаған.

«Дәл осы себепті Қазақстан БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымының негізін қалауды ұсынды. Оның міндеті – қолданыстағы тетіктерді қайталамай, керісінше, ортақ істі үйлестіру, үкіметтер арасындағы тұрақты диалогты қамтамасыз ету, ресурстарды жұмылдырып, өзара келісімді шешімдер әзірлеу. ШЫҰ Су мәселелерін талдау орталығы осы жаһандық бастаманы өңірлік деңгейде толықтыра алар еді», – деді Қазақстан басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымы мен ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құру жөніндегі ұсынысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер тарапынан қолдау табады деген сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы