USD
USD
USD

Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысын қабылдады

Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлады Ақорда.

кездесу
Фото: akorda.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның ерекшелігіне тоқталып, оның саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара ықпалдастықты арттыруда әлеуеті зор екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылады.

Мемлекет басшысы Ұйымның жұмысын одан әрі жетілдіру, халықаралық бірлестіктермен байланысын жандандыру, сондай-ақ Қазақстанның ұсынысымен ШЫҰ-да қабылданған «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастаманы ілгерілету маңызды екенін жеткізді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен Нұрлан Ермекбаев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен болатын.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала

Үлкен ауылында 33 мың тұрғынға есептелген атомшылар қалашығы салынбақ

АЭС