USD
USD
USD

Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент құттықтау жеделхатында Ашхабадтың мемлекеттілікті нығайтудағы жарқын жетістіктеріне тоқталып, шетелдік серіктестермен қарым-қатынаста сындарлы ұстанымға жүгінетін бейтарап Түрікменстанның халықаралық аренада зор беделге ие екенін атап өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстанмен арадағы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік қатынас және өзара қолдау дәстүрінен айнымай, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілді екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Әбілқасымова бизнесті несиелендіруге зейнетақы қаражатын көбірек тартуды ұсынды

Мәдина Әбілқасымова

29 алаяқтық дерегіне қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы алматылық қыз ұсталды

Кісен

Вице-министр ұшақта шетел азаматына көмек көрсетті

Медициналық көмек

Ақтөбедегі кафеде газ жарылып, екі адам зардап шекті

Ақтөбедегі кафе жарылысы