USD
USD
USD

Тоқаев Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің көрмесіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен бірге Белград маңындағы «Батайница» аэродромына қойылған әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмесін аралады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Сербия – әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты бойынша аймақтағы көшбасшы ел. Қазір Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдері әлемнің 70 мемлекетіне, соның ішінде БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Болгария, Индонезия сияқты елдерге жеткізіледі.

Көрмеде құрлық әскерінің жауынгерлік техникаларының, сербиялық қару-жарақпен жабдықталған тікұшақтардың, әуе қорғанысы жүйелерінің, атыс қаруларының, артиллериялық және басқа да оқ-дәрілердің, миналар мен минометтердің үлгілері ұсынылған.

Сербияның осы бағыттағы мол тәжірибесі Қазақстанның қорғаныс әлеуетін нығайтуға ықпал ете алады.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors