Бірқатар лауазымды тұлға қайта сайлауға түсуге құқылы – Конституциялық сот
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық соттан жаңа Конституция бойынша қайта сайлауға түсу жөніндегі нормаларды ресми түсіндіріп беруін сұраған.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде Конституциялық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Олардың нақтылауынша, қазіргі Президент «лауазымын 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституцияға сәйкес атқарып келе жатқан адамдар 2026 жылғы 15 наурыздағы Конституцияның 43-бабы 1-тармағында, 72-бабы 2 және 3-тармақтарында, 83-бабы 1-тармағында, 84-бабы 3-тармағында көрсетілген қызметке сайлана ала ма не лауазымға тағайындала ала ма?» деген сұрақ жолдаған.
«Конституциялық сот бұл конституциялық нормалардың мазмұнынан "оларда белгіленген шектеулер адамның тиісті қызметке алдыңғы сайлану не лауазымға алдыңғы тағайындалу фактісімен қолданыстағы Конституцияда және соған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпте ғана байланысты болатыны шығады" деп атап өтті», – делінген хабарламада.
Заң мамандарының түсіндіруінше, бұл баптарда белгіленген шектеулер қолданылған жағдайда, 1995 жылғы негізгі Заң қолданыста болған кезеңде тиісті лауазымдарда болу мерзімдерін, сондай-ақ қызметке сайлау не лауазымға тағайындау фактілерін есепке алу ережелері қарастырылмаған.
«Президенттің өтінішін қарау қорытындысы бойынша Конституциялық сот ресми түсіндіру берді: 2026 жылғы Конституцияның 43-бабының 1-тармағын, 72-бабының 2 және 3-тармақтарын, 83-бабының 1-тармағын және 84-бабының 3-тармағын осы конституциялық нормаларда аталған лауазымдарды 1995 жылғы Конституцияға сәйкес атқарып жүрген адамдар 2026 жылғы Конституция қолданысқа енгізілгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы мүмкін», – делінген ресми жауапта.
Сондай-ақ осы конституциялық нормаларда белгіленген шектеулерді қолдану мақсаты тұрғысынан мұндай адамдардың 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы алғаш рет сайлану не тағайындалу деп есептелетіні атап өтілген.
Қазір оқып жатыр
Қазақстан билігі ішкі және сыртқы күштерге нақты белгі беруде – саясаттанушы
Көрші елдерге бензин жөнелту ішкі нарықтағы бағаға қаншалықты әсер етеді?
Бектенов сұйытылған газ өндірісі бойынша жоспар әзірлеуге бір ай уақыт берді
Қазақстанды газдандыру деңгейі 2035 жылға қарай 80%-ға дейін ұлғайтылмақ