USD
USD
USD

Тоқаев Рахмонды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тәуелсіздік күні
Фото: Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Елдеріміз ғасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі достық пен өзара қолдауға, халықтарымыздың түпкі мүддесіне арқа сүйеп, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде қарым-қатынас құра алды. Бірлесіп екіжақты, сондай-ақ аймақтық, халықаралық ынтымақтастық деңгейінде қазақ-тәжік ықпалдастығының әлеуетін таныта беретінімізге сенімім мол, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі. 

Қазір оқып жатыр

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы

2 млрд теңгеге қатысты іс: бұрынғы вице-министрлер мен бюро басшысы сотталды

Омаров

ҚазҰУ студентінің қазасы: министр не себепті пікір білдіруге тыйым салынғанын түсіндірді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ