USD
USD
USD

Тоқаев Путиннің Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабыл алды

Михаил Мишустин мемлекеттер басшылары алға қойған міндеттерді нақты іске асыруға дайын екенін мәлімдеді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. – Орайлы сәтті пайдалана отырып, Ресей Президенті Владимир Путиннің ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Владимир Владимирович былтыр қараша айында Қазақстанға тарихи мемлекеттік сапар жасады деуге болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз де желтоқсан айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласына келдіңіз. Біз үшін өңіраралық форумның берері мол. Ресейдің аймақтары Қазақстанның көптеген облысымен тікелей байланыс орнатқан. Өзіңіз атап өткендей, бұл форматтың маңызы зор, оның тиімділігін арттыруға барынша қолдау көрсетеміз. Қазақстан – Ресей Федерациясының көршісі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынасымыз достық пен өзара құрметке негізделген, – деді Ресей Үкіметінің төрағасы.

Михаил Мишустин Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі елдің үкіметтік делегациялары арасында жүргізілген келіссөздердің нәтижесі туралы ақпарат беріп, күн тәртібінің барлық спектрі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың өзара тиімді ықпалдастықты одан әрі нығайтуға қызмет ететініне тоқталды.

Кездесуде энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Сонымен қатар ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабыл алғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

Азамат Қапенов

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?

аударым

Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Дарын Мубаров