USD
USD
USD

Тоқаев Путинге 9-шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауынан кейін жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Тоқаев, Путин
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сайлау Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін, ал дауыс беру нәтижесі Ресейдің ұзақмерзімді мүддесін қорғауға бағытталған Владимир Путиннің стратегиялық бағдарын халық кеңінен қолдайтынына айқын дәлел екенін атап өтті.

«Сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын көтеру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шешімдер қабылдап, маңызды шараларды жүзеге асыратынына күмән жоқ», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Құрылтай депутаттары мен Ресей парламентарийлері екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысты белсенді жалғастыратынына сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті