USD
USD
USD

Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорда. 

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Жиын алдында Мемлекет басшысына Президенттік жастар кадр резервінің қатарына әр жылдары өткен мамандардың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Президентке «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары, Citix компаниясы өнімдерінің экспорттық әлеуеті, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өңдеуші өнеркәсіп пен энергетика секторына инвестор тарту тәжірибесі, сондай-ақ бюджеттік процестерді оңтайландыруға арналған «eAkimat365» ақпараттық жүйесі туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде жастардың осынау инновациялық ізденістерін оң бағалап, тиісті мемлекеттік органдар тарапынан мұндай бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Президенттің пікірінше, мемлекет басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келуі керек.

– Президенттік жастар кадр резерві дәл осындай талапты жастарға бірегей мүмкіндік береді. Бүгінде резервте 400 маман бар. Соның 280-і, яғни 70 пайызы орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарға тағайындалды. Бірқатары квазимемлекеттік секторда және бизнес саласында еңбек етіп жүр. Осы орайда мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Жайылғанова кезінде осы бастаманы жүзеге асыруға мол үлес қосқанын атап өткім келеді. Қазіргі таңда елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекетімізді өркендету үшін жаңа, батыл қадамдар жасалуда. Сондықтан өздеріңіз сияқты еліміздің жалынды жастары осы өзгерістердің қозғаушы күшіне, мықты тірегіне айналуы керек деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті