USD
USD
USD

Тоқаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Асайын Байханов облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді:

Облыс экономикасына 965 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп.

Жолаушылар тасымалы секторында 31 пайыз, машина жасау ісінде 13 пайыз, құрылыс саласында 8 пайыз өсім байқалады.

73 шақырымнан астам жылумен қамту желісіне реконструкциялау жұмыстары жүргізілген;

Екібастұз жылу электр орталығындағы барлық 10 қазандық агрегат жөнделген.

Техникалық суға арналған 11 шақырым жаңа құбыр тартылып, 5,4 шақырым магистральды жылумен қамту желісіне реконструкция жасалған.

Облыстағы ауылдарда үш заманауи мектептің салынуы апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселені шешуге мүмкіндік берген. Өңірде 54 білім беру ұйымы толықтай жаңғыртылған.

Екі жыл ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 30 жаңа медициналық нысан салынады.

Облыста қоғамдық көлік жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары басталған. Былтыр қалалық автобус паркі 130 жаңа автобуспен толықтырылған. Сондай-ақ 722 шақырым автожол жөнделген.

Былтыр 37 мыңнан астам халқы бар 44 ауылға жаңа су құбыры тартылған. Осылайша, облыстағы ауыл тұрғындарының 98 пайызына таза ауызсу жеткізілген.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова