USD
USD
USD

Тоқаев Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда

Пашинян, Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

«Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 7 маусымда Арменияда парламент сайлауы өтті. Сайлауға 16 партия мен 2 блок қатысты.

Негізгі бәсеке премьер-министр Никол Пашинян басқаратын «Азаматтық келісім» партиясы, кәсіпкер Самвел Карапетянмен байланысты «Күшті Армения» блогы және бұрынғы президент Роберт Кочарянның «Армения» блогы арасында өтеді деп болжанған болатын.

Бұған дейін Арменияның премьер-министрі, «Азаматтық келісім» партиясы басқармасының төрағасы Никол Пашинян өз партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті