USD
USD
USD

Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сенат
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Президент аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Өмірбек Байгелдіұлы егемендіктің берік іргетасын қаласқан тұғырлы тұлға, Отанымыздың дамуына қажырлы еңбек сіңірген ұлтжанды азамат болды. Қазақстан Республикасы Парламентінің қалыптасуына зор үлес қосты. Ғибратты ғұмыр иесі өзінің нағыз парасатты тұлғаға тән қадір-қасиетімен барша жұрттың сый-құрметіне бөленді. Соңына жарқын із қалдырған Өмірбек Байгелдіұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors

«Анархия орнайды деп ойламаймын»: Депутат бизнесті тексеруге мораторий енгізуге қатысты пікір білдірді

Бизнес