USD
USD
USD

Тоқаев МАГАТЭ басшысы Гроссимен ядролық қауіпсіздік пен Иран мәселесін талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев, Гросси
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рафаэль Гросси кездесуде Қазақастанның МАГАТЭ-мен серіктестіктігі, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Иран мәселелерін талқылады. Президент МАГАТЭ басшысының  әлемдік ядролық қауіпсіздікті нығайтуға және атом қуатын бейбіт мақсатта қолдануға қосқан үлесін атап өтті.

«Сіздің 2023 жылы сәуір айында Қазақстанға жасаған алғашқы сапарыңыз өзара байланыстарды дамытуға тың серпін берді. Ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесіне қатысты ұстанымымыз ұқсас деп ойлаймын. Дегенмен әлемде аса күрделі ахуал қалыптасып отыр. Бұл жаһандық проблеманы шешу жолдарын іздеуде күш біріктіруді талап етеді», – деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тереңдету туралы 2036 жылға дейінгі жол картасына және ядролық медицина мен ғылымды дамыту саласы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылғанын құптады. Сондай-ақ ол Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселенің шешілуіне атсалысуға дайын екенін тағы растады. 

Рафаэль Гросси Қазақстанның әлемдегі ядролық қауіпсіздікті және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайту бағытындағы іс-қимылына жоғары баға берді. Бұған қоса Бас директор Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі бастамасына қолдау білдірді. МАГАТЭ басшысы ықтимал келісімдерді жүзеге асыру үшін Қазақстан саяси беделге, тиісті инфрақұрылым мен ғылыми-техникалық базаға ие екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ

«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды

Қазақмыс