USD
USD
USD

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады. 

.
Фото: Akorda.kz

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін көрсетіп, бұл Мажарстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Президент Астананың Будапештпен стратегиялық серіктестікті нығайтуға айрықша мән беретініне тоқталып, қос халықтың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың аса жауапты қызметіне табыс, ал достас мажар халқына құт-береке тіледі.

2010 жылдан бері Мажарстан үкіметін басқарған Виктор Орбан парламент сайлауында жеңілгенін мойындады. Оның «Фидес» партиясы жаңа парламенттегі 199 орынның тек 54-іне ғана ие болса, Петер Мадьярдың TISZA партиясы 138 мандатқа қол жеткізген.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат