USD
USD
USD

"Тоқаев – Құрметті қонақтың бірі ": Си Цзиньпин 22 президенттің тек үшеуімен жеке кездесті

Қытай Халық Республикасында сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел президенті Си Цзиньпин ерекше құрмет көрсетті. Бұл туралы журналист Әділ Балтабаев Telegram-арнасында  жазды.

а
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Журналистің айтуынша, Си Цзиньпин Қытайға келген 22 көшбасшының тек үшеуін жеке қабылдаған.

“Құрметті қонақтардың қатарында – Қасым-Жомарт Тоқаев бар. Сондай-ақ Ресей мен Үндістан басшылары да болды. Кешкі ас еркін, сенімді әрі достық жағдайда өтті, шамамен екі сағатқа созылды. “Құрметті досым” деген сөз дастарқан басында бірнеше рет айтылды, оның әрбір қимылынан қазақ делегациясына деген ерекше ықылас байқалды”, – делінген жазбада.

Әділ Балтабаев мұндай қарым-қатынастың қазіргі қазақ-қытай байланыстарының дипломатиялық сыпайылық шеңберінен әлдеқашан шығып кеткенінің көрінісі екенін атап өтті.

“Мемлекет басшысы бұл қарым-қатынасты “мызғымас” деп сипаттауы бекер емес, ал Си Цзиньпин бұл байланыстың әлемдік саясаттағы өзгерістерге тәуелді емес екенін атап өтті. Президент түрлі с-шараға қатыспақ: ШЫҰ және “ШЫҰ плюс” саммиттері, Бейжіңдегі іскерлік кеңес және жаңа келіссөздер”, – деп жазды журналист.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу